Сағакүрес ауыл мектебі жаңа құрылыс

Сағакүрес ауыл мектебі жаңа құрылыс

      Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті тұрақты негізде күрделі жөндеуге жататын білім беру ұйымдары мен жаңа құрылыс объектілерінің мониторингін жүргізеді.                    

       Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарымен бірге Ақсу ауданы Қарашілік ауылдық округіне қарасты Сағакүрес негізгі орта мектебіне барды. Мектеп 1990  жылы бастауыш мектебі ретінде 72-оқушыға арналып салынған бір қабатты  ғимарат.  Мектеп сұйық отынмен жылытылады. Оқушы саны -79, педагогтер саны -30.

         Сонымен бірге, мектепте асхана, спорт және акт залдары жоқ.

         Аталған елді мекенде оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2021 жылдың желтоқсан айында 120 оқушы мен 25 бүлдіршінге арналған шағын орталық ғимаратының жаңа құрылысы басталған.Құрылысты жүргізуші ТОО «GLOBAL CONSTRUCTION kz» компаниясы.  

         Құрылыстың аяқталу нысаны 2023 жылдың маусым айы.

         Жаңа мектептің құрылысы оқушылар үшін де, педагогтар үшін де білім беру процесін ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.