«Жаңа форматтағы Педагог» тақырыбында Ақсу ауданының білім беру ұйымдарының педагогтерімен кездесу

«Жаңа форматтағы Педагог» тақырыбында Ақсу ауданының білім беру ұйымдарының педагогтерімен кездесу

       ҚР Оқу-ағарту Министрінің тапсырмасына сәйкес білім беру саласындағы өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын қарау мақсатында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті, облыстық білім басқармасы, «Өрлеу» облыстық филиалы және әдістемелік орталықтың бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.

        ҚР Президентінің мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі жөніндегі тапсырмасы мен бірлескен жоспарды іске асыру шеңберінде жұмыс тобы Ақсу ауданының білім беру ұйымдарының педагогтерімен «Жаңа форматтағы Педагог» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге 250 адам қатысты.

       Кездесудің негізгі мақсаты «Педагог мәртебесі туралы» заң нормаларын бұзу фактілеріне мониторинг жүргізу, 2023 жылы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады.

       Сонымен қатар, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары мен аттестаттау ережелері мен шарттары түсіндірілді.

       Департамент басшысы әрбір мемлекеттік органның қолжетімділігі, білім беру саласының барлық мәселелерін жедел шешуге мүдделілік мәселесіне ерекше назар аударды.

       Кездесудің қорытындысы бойынша жұмыс тобы мүшелерінің педагогтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

       Қатысушыларға «Педагогты қорғау Жетісу» чатының жұмысы, әлеуметтік желілердегі парақшалары туралы ақпарат берілді.