
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті тұрақты негізде Жетісу облысы бойынша күрделі жөндеуге жататын білім беру ұйымдары мен жаңа құрылыс объектілерінің мониторингін жүргізеді.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарымен бірге Ақсу ауданы Көшкентал ауылдық округінің Көшкентал орта мектебіне барды. Мектеп 1969 жылы салынған 1 қабатты кірпіш ғимаратта орналасқан, жобалық қуаты 320 орындық. Бүгінгі таңда мектепте 181 оқушы оқиды және 75 бала мектепке дейінгі шағын орталыққа барады.
Бұл ретте мектепте асхана, спорт және акт залдары жоқ. Балаларға қолайлы жағдай жасау үшін осы елді мекенде жер учаскесі белгіленіп, 180 орындық жаңа мектеп салу жоспарланған, жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, 1 млрд 900 млн теңге сомасына сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бүгінгі таңда мектеп құрылысы бойынша қызмет көрсетушіні анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.