Закон Республики Казахстан «О статусе педагога»

Закон Республики Казахстан «О статусе педагога»

2019 жылғы желтоқсанда қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін, шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгіледі. Заңмен педагогтердің құқықтық жағдайын сапалы жақсартуға, олардың әлеуметтік қорғалуына кепілдік беріледі, сондай-ақ педагогтерді ерекше функцияларға тартуға тыйым салу, шамадан тыс есеп беру, негізсіз тексерулер жүргізу және т. б. норма қарастырылған.

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтау, қоғамда педагог мәртебесін арттыру және нығайту үшін Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті жанынан педагогикалық этика және білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - ККО) құрылды.

ККО қызметі жанжалды жағдайларды шешуге және алдын алуға бағытталған.

ККО өз отырыстарында жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарының басшылары мен лауазымды адамдарын, білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінің төрағаларын тыңдауға, білім беру ұйымдары басшыларының және өзге де адамдардың «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын және педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау мәселелерін қарауға құқылы.

Нәтижелері бойынша осы нормаларды бұзған адамдардың тәртіптік жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізеді.