Жетісу облысындағы жеке мектеп басшыларымен жұмыс кездесуі

Жетісу облысындағы жеке мектеп басшыларымен жұмыс кездесуі

Бүгін Жетісу облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы, Білім басқармасы өкілдері және өңірдегі жеке мектептердің басшыларының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында оқушылардың білім сапасын арттыру, оқу бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ ішкі бақылау мен оқу жетістіктерін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, білім беру ортасын жақсарту, педагогтарды әдістемелік қолдауды күшейту және білім беру саласындағы өзекті мәселелерге дер кезінде әрекет ету бағыттары да назарға алынды.

Жеке мектеп басшылары өз ұсыныстарын білдіріп, бірлесіп шешуді қажет ететін проблемаларды атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жүйелі жұмысты жалғастыруға және өңірдегі білім сапасын арттыруға бағытталған әріптестікті нығайтуға уағдаласты.