Алакөл ауданы Достық ауылында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептің құрылыс барысымен танысты.
Болашақ оқу орны — заманауи талаптарға сай, білім алушылар мен ұстаздар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында салынуда. Құрылыстың сапасы, оқу процесіне қажетті инфрақұрылыммен қамтылуы, санитарлық талаптарға сәйкестігі – басты назарда болды.
Аталған мектеп ауылдағы білім беру сапасын арттыруға, балалардың жан-жақты дамуына және қолжетімді білім алуына үлкен серпін береді деп күтілуде.
Департамент өкілі құрылыс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау – басты міндет екенін атап өтіп, тиісті мекемелерге нақты ұсыныстар мен ескертулер берді.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы-еліміздің білім саласындағы ең ірі серпінді бастама.