"Жайлы мектеп" ұлттық жобасының іске асырылуы туралы

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасының іске асырылуы туралы

Мемлекеттік басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Үкіметтің қолдауымен балаларымыз үшін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.

«Жайлы мектеп» жобасы жаңа мектептер салуға, оларды озық технологиялармен, заманауи жиһазбен және оқу процесіне қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобада инклюзия, қауіпсіздік, цифрландыру және педагогтердің еңбек жағдайына ерекше мән беріледі.

Мақсат — жай ғана мектеп ғимараттарын салу емес, әрбір бала өзін қауіпсіз сезініп, дамуына мүмкіндік алатын білім кеңістігін қалыптастыру.

Бұл — еліміздің білім беру сапасы мен болашағына жасалған маңызды қадам.