2026 жылдың І тоқсанында «Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «45 орынды сауықтыру-санаторлық балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Профилактикалық бақылау барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары» талаптары бойынша бұзушылықтар анықталып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.