Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша

Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде мемлекеттік қызметтің әдеп стандарттарын нығайтуға бағытталған маңызды түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілі қатысып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және қызметтік тәртіпті күшейту бағытында жан-жақты түсіндірме жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында:

▪️ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау;

▪️ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және адалдық мәдениетін қалыптастыру;

▪️ лудоманияның және өзге де зиянды тәуелділіктердің мемлекеттік қызмет беделіне әсері;

▪️ мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі, мінез-құлық стандарттары мен қоғам алдындағы міндеттері кеңінен талқыланды.

Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететін маңызды институт. Әдеп нормаларын сақтау, заңдылық пен ашықтық қағидаттарын ұстану – қоғам сенімін нығайтудың және мемлекеттік аппараттың тиімді қызмет етуінің басты кепілі.

Осындай мазмұнды әрі тағылымды кездесулер мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға және ұжымның кәсіби мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

 

Дата публикации
19 февраля 2026