2025 жылдың ІІ тоқсанда білім беру ұйымдарына жүргізген мемлекеттік аттестаттау қорытындысы

2025 жылдың ІІ тоқсанда жалпы 20 (10 мемлекеттік, 10 жеке меншік) мектепке дейінгі білім беру ұйымына, 10 мектепке мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған. 1 жекеменшік балабақша (Талдықорған қ. «Бөбекжай «Айым плюс» ЖШС) құрылтайшының шешімімен 10.01.2025 ж. жабылды.

 

Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша 3 (15,7%) балабақша, 1 (10%) мектеп аттестатталды. 16 (84,2%)  балабақшаның, 9 мектептің (90%) білім беру қызметі   мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестатталмады.

 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер:

 - 8 балабақшаның оқу жұмыс жоспарлары мен ұйымдастырылған іс-әрекеттері МЖМБС талаптарына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмейді;

- 14 балабақшада білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылмайды;

- 12 балабақшада мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік қағидалары талаптары  сақталмаған;

- 4 балабақшада баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелері жүргізілмеген;

- 5 балабақшада тәрбиеленушілердің бастапқы даму мониторингі жүргізілмеген;

- 6 балабақшада үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктері мониторингісі (қорытынды) жүргізілмеген;

- 11 балабақшада тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарында белгіленген оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар сақталмаған;

- 7 балабақшада балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптар сақталмаған.

 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер:

- 5 мектепте жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелері бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмейді;

- 4 мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұны игерілмеген;

- 2 мектепте білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі)талапқа сәйкес келмейді;

- 2 мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесі ұйымдастырылмаған;

- 2 метепте ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстары  іске асырылмаған;

- 3 мектепте "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын игерілмеген;

- 1 мектепте "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асырылмаған;

- 7 мектепте беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақталмаған;

- 1 мектепте  сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптар сақталмаған;

- 3 мектепте білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптары сақталмаған;

Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар берілді.

 

 

Дата публикации
01 июля 2025