Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 2025 жылдың 2 тоқсаны бойынша «E-Otinish» Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына жалпы 67 өтініш түсті. Оның ішінде 12 өтініш Департаменттің өңдеуіне алынып тиісті жауап берілді. Сондай-ақ 50 өтініш ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 65 бабына сәйкес қарау өкілеттігіне кірмеуіне байланысты, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданды. Қалған өтініштер Департаменттің өңдеуінде.