Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысының азаматтарды жеке қабылдауы

 

2025 жылғы 22 мамырда Жетісу облысы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Башаров Алишер Қуанышбайұлы азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында педагогтер тарапынан қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруге байланысты келесі сұрақтар қойылды:

▪️логопед пен психолог мамандарын біліктілік талаптарына сай педагогтер үлесіне есептеу тәртібі;

▪️педагогтерді НОБД жүйесіндегі «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулі арқылы қабылдау тәртібі;

▪️қосымша білім және факультатив аясында оқытылған пәндер бойынша бағалардың аттестатқа енгізілуі;

▪️оқу жоспары бойынша сағат жетіспеушілігі кезінде физика мен математика сабақтарын біріктіріп өткізу заңдылығы;

▪️«Жол жүру ережелері» курсы бойынша жылдық қорытынды бағаның қойылуы.

Келіп түскен барлық сұрақтарға заңнамаға сәйкес нақты жауаптар берілді.

Азаматтарды қабылдау – мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен халықпен кері байланысты нығайтудың тиімді тетігі болып табылады.

Дата публикации
11 июня 2025