2025 жылдың І тоқсанда білім беру ұйымдарына жүргізген мемлекеттік аттестаттау қорытындысы

2025 жылдың І тоқсанда білім беру ұйымдарына жүргізген мемлекеттік аттестаттау қорытындысы

 2025 жылдың І тоқсанда жалпы 32 (25 мемлекеттік, 7 жеке меншік) мектепке дейінгі білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған. 1 жекеменшік балабақша (Талдықорған қ. «Жетісу балдырғаны» балабақшасы) құрылтайшының шешімімен 25.02.2025 ж. жабылды.

Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша 8 (28,8%) балабақша аттестатталды. 23 (74,1%)  балабақшаның білім беру қызметі  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестатталмады.

Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер:

- 11 балабақшаның оқу жұмыс жоспарлары мен ұйымдастырылған іс-әрекеттері МЖМБС талаптарына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмейді;

- 20 балабақшада білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылмайды;

- 14 балабақшада мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік қағидалары талаптары  сақталмаған;

- 11 балабақшада баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелері жүргізілмеген;

- 6 балабақшада тәрбиеленушілердің бастапқы даму мониторингі жүргізілмеген;

- 5 балабақшада үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктері мониторингісі (қорытынды) жүргізілмеген;

- 15 балабақшада тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарында белгіленген оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар сақталмаған;

- 7 балабақшада балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптар сақталмаған.

Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар берілді.

 

Дата публикации
03 апреля 2025