2026 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 6-бабы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, Панфилов ауданының Ш. Байбатшаев атындағы орта мектебінің директоры Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 7-бөлігінің 3) тармақшасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, педагог мәртебесін сақтау, педагогтердің заңмен кепілдік берілген құқықтарының бұзылуына жол бермеу және мұндай фактілердің алдын алу мақсатында облыс әкімдігі мен білім басқармасының атына ескерту сипатындағы хат жолданды.