Жетісу облысының бідім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылдың І жартыжылдығында «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету - білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» атты ашық алаң өткізді.
Іс-шараға мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, Облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша кәсіби дамыту институты филиалы, Департамент жанындағы «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес» мүшелері, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жетісу облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі, педагог-ардагерлер, «Amanat» партиясының Жетісу облыстық филиалының «Болашақ», «Білім» бастауыш партия ұйымдары, Облыстық және Талдықорған қалалық мәслихаттарындағы педагог-депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ашық талқылау алаңының негізгі мақсаты - Жетісу облысының білім беру ұйымдарында конституциялық қағидаларды сақтау мәселелерін талқылау, білім сапасын арттыру және құқықтық сауаттылық құндылықтарын қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Сонымен қатар, 2026 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарымен өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты қызметкерлеріне өзін-өзі бағалау рәсімінің кезеңдері, талаптары, құжаттарды ресімдеу тәртібі және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рәсімді дұрыс ұйымдастыру бойынша жан-жақты әдістемелік түсіндірмелер берілді. Өзін-өзі бағалау материалдарының толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету, анықталған кемшіліктерді уақтылы жою және мемлекеттік аттестаттауға дайындықты жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.