2026 жылдың І жартыжылдығында білім беру ұйымдарына жүргізілген мониторингтер

Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан 2026 жылдың ІІ тоқсанында орта білім беру ұйымдарындағы мектепішілік бақылаудың іске асырылуы және 2026–2027 оқу жылына мектептердің дайындығына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың жай-күйі, бақылау іс-шараларының жоспарлануы мен орындалуы, педагогтердің қызметін әдістемелік сүйемелдеу, білім алушылардың білім сапасын талдау жұмыстары, мектеп құжаттамасының жүргізілуі, сондай-ақ басқарушылық шешімдердің тиімділігі зерделенді.

Сонымен қатар, 2026–2027 оқу жылына дайындық шеңберінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жай-күйі, оқу кабинеттерінің дайындығы, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының орындалуы, оқулықтармен қамтамасыз етілуі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, санитариялық нормалардың орындалуы және білім беру процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлардың жасалуы қаралды.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер мен оларды жою жолдары білім беру ұйымдарының басшыларына түсіндіріліп, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес тиісті ұсынымдар берілді.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіруге, мектепішілік бақылаудың тиімділігін арттыруға және жаңа оқу жылына сапалы дайындықты қамтамасыз етуге бағытталды. Департамент тарапынан мониторинг барысында берілген ұсынымдардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

Дата публикации
02 июля 2026