2026 жылдың І жартыжылдығында өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметте заңдылық, адалдық және ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде 2026 жылдың І жартыжылдығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

2026 жылдың І жартыжылдығында департамент басшысының төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша 4 ішкі жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңестер барысында департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптары, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары, мүдделер қақтығысын болдырмау, қызметтік әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және оған жол бергені үшін көзделген жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген іс-шаралар департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталды.

Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта да Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тұрақты негізде жалғастырылатын болады.

 

 

Дата публикации
02 июля 2026