2026 жылдың І жартыжылдығындағы білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау жоспарына сәйкес 12 балабақшаға (10 мемлекеттік, 2 жекеменшік) аттестаттау өткізілді.
Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша 4 (33,3%) балабақша аттестаттаудан өтті. 8 балабақшаның (66,7%) білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестаттаудан өтпеді.
Мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдарына анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді.
2026 жылдың І жартыжылдығында 12 білім беру ұйымына (2 балабақша, 10 мектеп) қайталама мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Нәтижесінде 11 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер жойылып аттестаттаудан өтті. 1 мектептің қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді.