
Алишер Куанышбайұлы 1981 жылы 18 қазанда дүниеге келген.
2003 жылы Бердах атындағы Қарақалпақ ұлттық университетін, 2010 жылы Т.Рысқүлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
2013 жылдан бастап физика - математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектеп директорының сыртқы байланыс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап «Жетісу дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының директоры болып жұмыс істеді. 2022 жылдың қараша айынан бастап Жетісу облысының білім басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.