Биыл облыста балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Осы мақсатта 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қабылданған жаңа талаптарына сәйкес балалар лагерьлерін (ресми атауы — балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары) міндетті лицензиялау жүйесі енгізілді.
Бұл ретте, өңірде алты білім беру-сауықтыру орталықтары оның бірі – жыл бойы жұмыс істейтін «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болса, бесеуі маусымдық орталықтар. Маусымдық орталықтардың 2-і жекеменшік «Тау самалы» мен «Берікқара», ал 3-і мемлекеттік «Балауса», «Жұрындысай» және «Жұлдыз» сауықтыру орталықтарына Жамбыл облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан лицензиялары берілді.
Аталған лагерьлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрықтың талаптарына сәйкес келеді. Бұл талаптар лагерьлердің инфрақұрылымы, қауіпсіздік жүйесі, медициналық көмек көрсету сапасы және кадрлық құрамның біліктілігі бойынша қатаң стандарттарға толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Биыл 1–10 сыныптағы 208 мыңнан астам оқушыны, яғни балалардың 95,6 пайызын жазғы демалыспен қамту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 201 мың 616 бала демалыс және сауықтыру шараларына қамтылып, жоспардың 93 пайызы орындалды.
Қала сыртындағы орталықтарында ең алдымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға басымдық берілді. Бүгінгі күні осы санаттағы 12 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылды.
Биылғы жылдың сауықтыру орталықтарының ерекшелігі олардың медициналық кабинеттері лицензияланған, сонымен қатар балардаң қауіпсіздігін қамтамасы ету мақсатында мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген және дабыл жүйесі орнатылған. Сондай-ақ тексеруден өткен арнайы тасымал көліктері қарастырылған. Яғни балалардың қауіпсіздігі – басты назарда.
Барлық оқу-сауықтыру бағдарламалары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісіліп, бекітілді. Бағдарламалар аясында балалардың шығармашылық, мәдени, спорттық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Демалыс барысында балалар шығармашылық, мәдени, спорттық және танымдық іс-шараларға қатысып, уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізуде.
Сонымен қатар облыс әкімінің өкімімен балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру мақсатында облыстық штаб құрылып, оның құрамына денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және облыс әкімдігі өкілдері енгізілді.
Жазғы науқанның сапалы өту мақсатында облыстық штаб тұрақты бақылауда ұстап отыр. Әр ауысым сайын мамандар лагерьлерге барып, қауіпсіздік талаптарының сақталуын, тамақтану сапасын және оқу-сауықтыру бағдарламаларының орындалуын қадағалайды.
Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз, мазмұнды және есте қаларлықтай ұйымдастыру – біздің басты міндетіміз. Бұл бағыттағы жұмыстар жазғы маусым аяқталғанға дейін жалғасады.
https://www.facebook.com/share/v/1DJhnyTosQ/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/v/1JJTCHVDsq/?mibextid=wwXIfr
Ағымдағы жылдың 18 маусымында Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде құқықтық жалпыға бірдей оқыту сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында Департамент басшысы М. Нысанбаев қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың» негізгі бағыттарымен таныстырды.
Талқылау барысында құқықтық сана мен заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру қауіпсіз әрі әділетті қоғам құрудың маңызды негізі екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, құқықтық мәдениетті нығайту және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру жұмыстарының білім беру ұйымдарынан басталуы қажеттігі айтылды.
Осыған байланысты Департамент қызметкерлеріне педагогикалық әдеп талаптарының сақталуын бақылауды күшейту, лицензиялау және мемлекеттік аттестаттау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында құқықтық ағарту жұмыстарын жандандыру бойынша міндеттер жүктелді.
Департамент басшысы әрбір мемлекеттік қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын басшылыққа алуы маңызды екенін атап өтті.
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша Тұжырымдама ережелерін іске асыру және білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді
МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН ОРЫНБАСАРЛАРЫНА, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылдың 1 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасымен бірлесіп «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау» тақырыбында облыстық оқыту семинарын өткізді.
Оқыту семинарына Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М.Нысанбаев, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы ның басшысы Н.Оршубеков, мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және мектепке дейінгі ұйым басшылары, аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері барлығы 111 адам қатысты.
Іс-шара барысында білім мекемелерінің мемлекетТік аттестаттаудан өтудің бағалау өлшемшарттарының сапалы орындалуы бойынша білім беру ұйымдарының жұмыстық оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестендірілуі, педагогтер мен мектеп/балабақша әкімшілігінің, бейіні бойынша біліктілік курстарынан өтуі, мектепке дейінгі ұйымның жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес толтырылуы, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, перспективалық жоспар мен циклограмманы құру жолдары, мониторингтің жүргізілу барысы, өзін-өзі бағалауы, мектепалды сыныптардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкестендірілуі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу жоспарларының құрылуы, инвариантты, вариативті компоненттердің оқу жылына арналған сабақ кестесіне сәйкестендірілуі, үйірме жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курстары мазмұнының орындалуы, қорытынды аттестаттау талапт арының орындалуы, педагогтер туралы мәліметтер ҰББДҚ жүйесімен сәйкестендірілуі, электронды журналдың талапқа сай толтырылуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өту өлшемшарттарының сапалы орындалуы, мектеп/балабақша басшыларының мектепішілік бақылауды жүргізу сапасы, білім сапасын арттыру жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі, педагогтерге ақпараттық-әдістемелік қолдаудың тиімді көрсетілуі, оқу-тәрбие кеңістігінде сапалы білім алуға қол жеткізу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру жолдары бойынша қатысушыларға тиімді ұсынымдар беріліп, мазмұнды ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
«Педагогикалық идеялар панорамасы - 2026» республикалық байқауы жарияланды