КОЛЛЕДЖ БІЛІМГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

КОЛЛЕДЖ БІЛІМГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Колледж білімгерлері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу» мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңеске Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы,басқарма басшысының орынбасары Әлішер Әзімбай, Жамбыл облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл Бағжанов Дәурен Орайұлы, облыс прокурорының аға көмекшісі Таштамиров Шовкат Сматылдаұлы, облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Калышев Алишер Тиллабекұлы және облыстағы мемлекеттік және мемлекеттік емес колледждердің басшылары қатысты.

Кеңесте колледж білімгерлері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі, кәмелетке толмағандар арасында орын алып отырған қылмыстар мен құқық бұзушылақтардың жағдайы, білім сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде сөз қозғады.

Кеңес соңында қатысушылар түрлі сауалдар қойып, жауап алды.