
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ 5 АЙЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ»
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Заңнамаларының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Соның ішінде негізгі бағыттары:
1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;
2. Профилактикалық бақылау;
3. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру;
4. Білім туралы құжаттарды апостильдеу;
5. Жоспардан тыс тексерулер жүргізу.
Мемлекеттік аттестаттау бойынша:
Департаментпен 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында облыстағы 32 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына (колледждер), 16 балабақшаға және 55 мектепке мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
Аттестаттау нәтижесі бойынша 5 колледж, 5 балабақша және 3 мектеп алғашқы аттестаттаудан өтті. 27 колледж және 35 мектепке Департамент тарапынан әдістемелік көмек беріліп, кемшіліктер жойылды.
Мемлекеттік аттестаттау барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» №486 бұйрығы негізінде жүргізілетін білім беру қызметі Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» №348 бұйрығының талаптарына сәйкестігі қаралады.
Атап айтқанда, материалдық-техникалық базасының болуы, жұмыстық оқу жоспарының үлгілік оқу жоспарына сәйкестігі, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілердің даму мониторингісі, перспективалық жоспары, жас ерекшеліктерінің сақталуы, оқу жүктемесіне қойылатын талаптар, 4, 9-сынып білім алушыларына арналған тестілеу нәтижесі.
Бүгінгі күні кестеге сәйкес балабақшаларға мемлекеттік аттестаттау жүргізілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:
2023 жылдың қазіргі кезеңіне дейін «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы 116 өтініш түсті. 3 мемлекеттік 3 жекеменшік мектепке бас лицензия берілді, 18 мектеп және 15 колледждің лицензиясы қайта рәсімделді, 6 мектепке лицензияға қосымша берілді. 71 білім беру ұйымдарына лицензиялау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты дәлелді бас тартылды.
Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою қызметі бойынша 81 құжат орындалып, мемлекеттік корпорацияға жолданды, 15 құжат түпнұсқасының болмауы, құжаттың расталмауы және қызмет көрсету салығының төленбеуі себебінен кері қайтарылды.
Облыста 40 жекеменшік мектептер білім беру қызметімен айналысуда. Оның ішінде Қордай ауданында-18, Тараз қаласында-16, Жамбыл ауданында-2, Меркі ауданында-2, Байзақ ауданында-1, Шу ауданында-1.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасымен соғылатын мектептер
Департамент және облыстық білім басқармасының бірлескен жұмысының нәтижесінде облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 13 мектептің құрылысы жүргізілетін болады (Тараз қаласында – 4, Қордай ауданында – 3, Байзақ ауданында – 2, Шу ауданында – 2, Жамбыл ауданында – 1, Меркі ауданында – 1).
Педагог мәртебесі және Педагогикалық әдеп мәселелері бойынша
Ағымдағы жылы Департаментпен Педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органымен 4 отырыс өткізілді.
Күн тәртібінде мәселелер бойынша Педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау нормаларын бұзған 3 білім беру ұйымының басшыларының іс-әрекетін қарап, нақты шешім қабылдау бойынша білім басқармасына ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарымен Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының және Білім және ғылым министрінің «Педагог құқықтарының бұзылуына жол бермеу туралы» №172 бұйрығының талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.
Атап айтқанда:
1) педагогтарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген лауазымдық нұсқаулықтарында көзделмеген жұмыс түрлеріне тартуға;
2) педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар тізбесінде көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделмеген тексерулер жүргізуге;
4) тауарлар (заттар, бұйымдар) мен әртүрлі қызмет түрлерін сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы 2019 жылдың 27 желтоқсаны күні қабылданды. Департаментпен аталған заңнама талаптарын сақтамағаны үшін 2020 жылы -10, 2021 жылы -12, 2022 жылы -7 әкімшілік іс қозғалса, 2023 жылдың осы кезеңіне дейін ешқандай өтініш түскен жоқ.
Департаментпен білім беру ұйымдарына өз қызметін дұрыс ұйымдастыру, кемшіліктерге жол бермеу бойынша семинарлар мен құқықтық түсіндіру жұмыстарының жүргізілуінің нәтижесі.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
2023 жылдың 5 айында облыстағы 51 білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы заңнама талаптары, нормативті құқықтық актілер, бақылау шаралары бойынша кездесулер өтікізіліп, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жеке қабылдауға 34 азамат өтініш білдіріп, мәселелері оң шешімін тапты. Департаменттің Фейсбук әлеуметтік парақшасында білім саласына қатысты жалпы 173 материал жарияланды.