
Профилактикалық іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қызметтік әдеп нормаларын сақтауға бағытталды.
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде әдеп жөніндегі уәкіл Копбаев Қуаныш Жетпісұлының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік мәселелері бойынша қолданыстағы Қағидалардың талаптарын түсіндіру.
Жиналыс барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды. Департамент қызметкерлеріне Қағидалар талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Атап айтқанда:
• тәртіптік теріс қылық жасау фактілері бойынша мемлекеттік қызметшілерден жазбаша түсініктемелерді заңнамада белгіленген мерзімде алу;
• мемлекеттік қызметшілерге қатысты қызметтік тексерулерді Қағидаларда көзделген мерзімде қозғау және жүргізу;
• тәртіптік жауапкершілік мәселелерін қарау тәртібі;
• мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысқан жағдайда тәртіптік жауапкершілікті қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қарау;
• тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алу кезінде мемлекеттік қызметшінің жаңа тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеуіне баса назар аудару.
• Профилактикалық іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қызметтік әдеп нормаларын сақтауға бағытталды.