2025 жылғы 01-05 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Жеке қабылдауға сегіз азамат қатысып, олар лицензия алу, мектеп ашу мәселелері, лауазымдық нұсқаулықтар және аттестацияға қатысты сұрақтар бойынша өтініштерін білдірді.
Азаматтардың өтініштері бойынша департамент қызметкерлері тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қажетті ақпарат берілді.