Ұстаздармен кездесу барысында жүргізілген түсіндіру жұмыстары

Ұстаздармен кездесу барысында жүргізілген түсіндіру жұмыстары

Ұстаздармен кездесу барысында жүргізілген түсіндіру жұмыстары

2025 жылдың 21-23 қазан күндері Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау алдындағы өзін-өзі бағалау кезеңдерінің бірі ретінде кешенді тестілеу арқылы білім алушылардың дайындық деңгейін бағалауды жүргізу мақсатында қызметтік іссапармен Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарына барды.

Іссапар барысында ұстаздармен кездсулер өткізді. Кездесу барысында педагогтің лауазымы, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, "Педагогтердің мәртебесі Заңы және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген түсіндіру жұмыстары педагогтердің құқықтық сауаттылығы мен кәсіби қызметін тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ білім беру ұйымдарында нормативтік-құқықтық талаптарды сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.