4-9 сынып оқушыларының кешенді тестілеуі

4-9 сынып оқушыларының кешенді тестілеуі

2025 жылдың қазан айында Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау алдындағы өзін-өзі бағалау кезеңдерінің бірі ретінде білім алушылардың дайындық деңгейіне бағалауды жүргізуде. Бұл бағалау жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру бойынша 4 және 9-сынып оқушыларының білімін тексеру мақсатында ұйымдастырылды. Бағалау нәтижелері оқыту сапасын арттыруға, пәндік бағдарламаларды жетілдіруге және оқушылардың жеке мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған.

Білім алушылардың оқу нәтижелері кешенді компьютерлік тестілеу технологиясы арқылы өткізіледі. Бұл тестілеуге департамент қызметкерлері байқаушы ретінде қатысады.