
🔰Оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға мониторинг жүргізілуде
📌Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 16–19 қыркүйек аралығында оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жағдайын анықтау мақсатында бару арқылы мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
🔎Осы мақсатта Жамбыл облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері мектептерге барып, оқушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігі мен уақтылығын, келісімшарттардың орындалуын және тасымалдаушылардың қызмет сапасын тексеріп жатыр.
🔹Мониторинг қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне және Жамбыл облысы әкіміне тиісті анықтама мен ұсыныстар жолданады.