25-29 тамыз аралығында өңірлердегі мектептердегі педагогикалық кеңестің өткізілуіне орай жүргізілген бару мониторингі жүзеге асырылуда

25-29 тамыз аралығында өңірлердегі мектептердегі педагогикалық кеңестің өткізілуіне орай жүргізілген бару мониторингі жүзеге асырылуда
Педагогикалық кеңес - алқалы жиындардың маңыздылығы!
⚜️Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындық шеңберінде ағымдағы жылдың 25-29 тамыз аралығында өңірлердегі мектептердегі педагогикалық кеңестің өткізілуіне орай жүргізілген бару мониторингі жүзеге асырылуда. Аталған тексеруді Жамбыл облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы, департамент қызметкерлері және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қызметкерлері жүргізуде.
📌 Мониторингтің негізгі мақсаты – педагогикалық кеңестердің ұйымдастырылу сапасын бағалау, олардың мазмұны мен бағыттарын талдау, сондай-ақ жаңа оқу жылына дайындық бойынша білім беру ұйымдары қабылдап жатқан шаралардың тиімділігін анықтап, білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіруге ықпал ету.
🔰Мониторинг аясында қарастырылған бағыттар:
🔹 педагогикалық кеңестердің өткізілу тәртібі мен күн тәртібі;
🔹 жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері;
🔹 оқу бағдарламаларының орындалуына дайындық деңгейі;
🔹 педагогтердің әдістемелік және кәсіби қолдау шаралары;
🔹 білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралардың жоспарлануы;
🔹 мектептердің материалдық-техникалық базасының жағдайы мен оқу кабинеттерінің жабдықталуы қарастырылды.
🔎 Мониторинг қорытындылары бойынша өңірлердегі білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы бағаланып, анықталған проблемалық мәселелер назарға алынды.