
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанынан құрылған Педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органының (бұдан әрі – Кеңес органы) 5 отырысы өткізілді.
Аталған отырыстардың ішінде:
▪ 1 көшпелі отырыс Шу ауданында,
▪ 2 кезекті отырыс,
▪ 2 кезектен тыс отырыс ұйымдастырылып, нақты мәселелер қаралды.
Кеңес органы жұмысының мақсаты – педагогикалық әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, педагогтердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ білім беру ұйымдарында кәсіби әдептілік пен заң талаптарының орындалуын бақылау болып табылады.
Отырыс барысында барлығы 9 мәселе қаралды. Оның ішінде педагог қызметкерлер тарапынан педагогикалық әдеп нормаларын бұзу фактілері талқыланып, нақты құқықтық баға берілді.
Атап айтқанда, қаралған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидаларының»
▪ 3-тарауының 7-тармағының 4), 5), 9) тармақшалары,
▪ 10-тармағы және
▪ 5-бабының 2-тармағы
негізінде педагогикалық әдепті бұзу әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізілді.
Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшылары мен тиісті тараптарға педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау, педагог мәртебесін нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Сонымен қатар, Кеңес органының жұмысы ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделіп, педагогтердің кәсіби құқықтарын қорғауға және олардың мәртебесін көтеруге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.