Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің
2026 жылдың 1 тоқсанында атқарған мемлекеттік қызмет көрсету бағытына
Талдамалық анықтама
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен " Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" және "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.
1.Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру - «Е-Лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімделеді (қызмет көрсету электронды);
2.«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері электронды және қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында тікелей байланыс орнатылмаған.
2026 жылдың 1 тоқсанындағы жағдайы бойынша:
«Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы түскен өтініштер саны - 21. Оның ішінде: лицензия алуға - 1, лицензияға қосымша алуға – 7, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге - 13
Түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша - 14 өтініш қанағаттандырылды: Лицензияға қосымша алғаны - 1, лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта рәсімделгені - 13.
Түскен өтініштердің 7-не дәлелді бас тартылды: 1-не лицензия алуға, 6-на лицензияға қосымша алуға.
Түскен өтініштердің дәлелді бас тартылу себебі:
медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың, білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шарттың, меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немес сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шарттың, обьектіні пайдалануға қабылдау актісінің, ғимаратқа санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының, өрт қауіпсіздігі тексеру актінің, жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмелері ұсынылмаған. Қазақ тілінде QR (Кюар) код берілген тіркеу нөмірі ұсынылмаған. №70 бұйрыққа сәйкес оқу кбинеттері, спорт зал толық жабдықталмаған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы, шағымдар, бақылау тексерулерін жүргізу кезінде бұзушылықтар жоқ.
Түскен құжаттар саны - 22. Оның ішінде:
І. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерінен - 22 құжат.
ІІ. «e-gov – электронды үкімет» порталы арқылы - 0 құжат.
Түскен 22 құжат рәсімделіп, мемлекеттік корпорацияға жолданды;
Білім беру құжаттарының деңгейі: диплом- 2, аттестат- 17, табель- 1, басқалар - 2.
Білім беру құжаты жіберілген мемлекеттер Греция 1 (4,55 %), Италия – 9 (40,91 %), Корея – 7 (31,82 %), Ресей – 1 (4,55 %), Түркия – 4 (18,19 %),).
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы, шағымдар, бақылау тексерулерін жүргізу кезінде бұзушылықтар жоқ.