Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жамбыл облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылдың IV тоқсанындағы азаматтарды жеке қабылдау туралы
ЕСЕБІ
2025 жылдың IV тоқсанында Жамбыл облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысымен азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді.
Есептік кезеңде жеке және заңды тұлғалардан 18 өтініш тіркеліп, қабылдауға жазылды.
Азаматтар тарапынан көтерілген мәселелер келесі бағыттарды қамтыды:
- білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
- қайта аттестаттау мәселелері;
- білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу;
- еңбек ұжымындағы тұлғааралық қарым-қатынастар мен еңбек қатынастарына қатысты мәселелер.
Барлық өтініштер қаралып, Департамент құзыреті шегінде тиісті түсіндірулер берілді. Кейбір сұрақтар бойынша азаматтарға жазбаша жауаптар мен ұсыныстар берілді.
Азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ашықтық және қолжетімділік қағидаттары негізінде жүргізілді.