Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылдың ІІ тоқсанында атқарған мемлекеттік қызмет көрсету бағытына Талдамалық анықтама

Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылдың ІІ  тоқсанында атқарған мемлекеттік қызмет көрсету бағытына
Талдамалық анықтама

Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" және  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу"  мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

1.Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру - «Е-Лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімделеді (қызмет көрсету электронды);

2.«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

           Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері электронды және қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында тікелей байланыс орнатылмаған.

2025 жылдың ІІ тоқсанындағы жағдайы бойынша:

  1. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру.

«Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы түскен өтініштер саны  - 422. Оның ішінде: лицензия алуға - 4, лицензияға қосымша алуға – 23,  лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге - 395.

Түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша - 422 өтініш қанағаттандырылды: лицензия алғаны – 4, лицензияға қосымша алғаны - 23, лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта рәсімделгені - 395.

 

  1. Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою.

Түскен құжаттар саны - 83. Оның ішінде:

79– 3құжат рәсімделіп, мемлекеттік корпорацияға жолданды;

4 – құжат кері қайтарылды (электронды).

(Австралия – 1,  Германия-2, Греция – 1, Испания -6, Италия – 18, Кыргызстан -1, Польша -9, Корея -6, Словакия – 8,  Турция -23, Чехия – 5).

Дата публикации
04 июля 2025