Жамбыл облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша өңірлік жол картасының орындалуы бойынша
(05.04.2024 жыл)
Облыста 1134 білім беру мекемесі қызмет көрсетуде: 586 мектепке дейінгі мекеме, 506 мектеп, 42 колледж.
2024 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға - 320,2 млрд. теңге бөлініп отыр, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,4%-ға өсіп отыр (2023 жылы - 280 млрд. теңге).
Облыста 586 мектепке дейінгі ұйымдарда 62678 бала тәрбиеленуде.
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі: 1-6 жас аралығында - 92,1% құраса, 2-6 жас аралығында – 94,2%, ал, 3-6 жас аралығында - 100% құрап отыр.
Сонымен қатар, облыстағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар саны 2021 жылы 199 болса, ағымдағы жылы 245 жекеменшік ұйымда 28319 бала тәрбиеленуде.
2024 жылы 1625 жаңа орын ашу жоспарлануда (2023 жылы 3197 орындық 15 жекеменшік ұйымдар ашылды).
2023 жылы 5 балабақшаның материалдық базасы ұлттық ойындарға арналған заттық-дамытушы ортамен (патенттелген) нығайтылса, осы жылдың соңына дейін 5 балабақшаның материалдық базасын нығайту жоспарлануда.
2023 жылы жаңа 28 білім беру нысанының құрылысына қаржы қарастырылып, 7 білім нысанының құрылысы пайдалануға берілді (Жамбыл - 1, Меркі - 1, Т.Рысқұлов - 1, Сарысу - 1, Шу - 1, Тараз - 2).
2024 жылы 19 нысанның құрылысы пайдалануға беріледі деп күтілуде (15 мектеп (оның ішінде 7 Жайлы мектеп), 4 мектепке қосымша ғимарат).
Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 7 мектептің құрылысы аяқталып, 5-нің құрылысы басталады деп жоспарлануда.
Үш ауысымда жұмыс істейтін 4 мектептің, апатты жағдайдағы 3 мектептің, оқушы орны тапшылығы бар 2 мектептің мәселесі ағымдағы жылы шешіледі деп күтілуде
Үш ауысымда жұмыс істейтін 2 мектептің мәселесі ағымдағы жылы қосымша құрылыс есебінен, 2 мектептің мәселесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептердің құрылысы есебінен шешіледі деп жоспарлануда.
Мойынқұм ауданындағы 2 апатты мектептің орнына жаңа мектептер салынуда, биыл пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, Шу ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің мәселесі де 2024 жылы спорт зал, асхана, мәжіліс залдың қосымша құрылысы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен шешімін табады.
Ал, Тараз қаласындағы №53, №55 мектептердегі оқушы орын тапшылығы мәселесі Арай алқабындағы 600 орындық мектептің және Шөлдала алқабындағы «Жайлы мектеп» құрылысы есебінен осы жылы шешілмек.
2024 жылға «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 6 мектепке (Жуалы - 1, Қордай - 1, Меркі - 2, Сарысу - 1, Талас - 1), облыстық бюджет есебінен 4 мектепке (Сарысу - 1, Шу - 2, Тараз - 1) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Бөлінген қаражат шегінде 2023 жылы 30 мектепке 90 жаңа модификациялық кабинеттер (30 химия, 30 физика, 30 биология), 4 STEM, 5 робототехника кабинеттері, 2 ұлдар мен қыздардың еңбек кабинеттері сатып алынды.
2024 жылы білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге 6,3 млрд. теңге қаржы қарастырылып отыр (49 физика, 53 биология, 50 химия, 6 робототехника, 6 STEM, 20 қыздарға, 22 ұлдарға арналған еңбек кабинеттері, 405 комп. мектеп жиһаздары, қауіпсіздік құралдары, 7 колледжге, 67 балабақшаларға аналогтік бейнекамераны цифрлық бейнекамераға ауыстыруға, 7 білім нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарына).
«Ауыл мектебі» пилоттық жобасы аясында өткен жылы 3 мектеп «Білім беруді тұрақты дамыту» қорымен қорының қолдауымен 750 млн. теңгеге заманауи үлгіде жабдықталса, 2024-2025 жылдары 8 мектеп жабдықталады.
Өңірде мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған. Интернет жылдамдығы 20 мегобит/сек төмен 165 мектептің жылдамдығын көтеруге 61 млн. теңге бөлініп, байланыс операторларымен бірлескен жұмыстар нәтижесінде 28 мектепте интернет жылдамдығы көтерілді. Техникалық мүмкіндігі бар 126 мектептегі жұмыстар аяқталатын болады. Дегенмен,11 мектепте жоғары жылдамдықты интернетке қосу мәселесі күн тәртібінде тұр.
Республикада қолға алынып отырған интернет жылдамдығын көтеру бойынша Старлинк жобасына Жамбыл облысының 53 мектебі еніп отыр.
Білім беру ұйымдарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бейнебақылау камераларын интеграциялау, мамандандырылған күзет қызметімен, дабыл түймесімен, турникеттермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні облыс бойынша 506 жалпы орта білім беру ұйымдарында 248045 оқушы білім алуда (оның ішінде 445-ы күндізгі, 3-і кешкі, 5-і арнайы, 53-і жекеменшік мектептер).
Балаларды мектепке сапалы және қауіпсіз тасымалдауды жүзеге асыру үшін автокөлік паркі жаңартылып, 14 автобус лизингпен алынды.
2024 жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен, киім-кешек, жазғы сауықтырумен қамтамасыз етуге жалпыға міндетті білім беру қорынан 6,8 млрд. теңге бөлінді (2023 жылы – 6,1 млрд. тг.).
Бұл көрсеткіш мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінген шығындарынан облыс бойынша 3,5% құрайды (ҚР Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 Қаулысына сәйкес 2 пайыз).
Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға 10,3 млрд. қаржы бөлінді, оның ішінде жекелеген санаттағы 49137 оқушыға 4,2 млрд. теңге, 1-4 сыныптағы 71171 оқушыны тамақтандыруға 6,1 млрд. теңге (2023 ж. - 2,6 млрд. теңге). Тамақтың құны 500 теңгені құрайды.
Облыста 8200 мүмкіндігі шектеулі баланың 6670-і (81,3%) оқумен және тәрбиемен қамтылған. Осы бағытта облыста 26 арнайы мекемелер мен кабинеттер жұмыс жасайды.
Қадамдық жоспарға сәйкес 2023 жылы Тараз қаласынан 1 психологиялық–педагогикалық түзету кабинеті, «Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен Шу ауданында мектептердің базасында 1 ресурстық орталық және 1 инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, материалдық-техникалық базалары жабдықталды.
Бүгінгі күні облыста туылғаннан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау, диагнозын белгілеу, оқыту мен тәрбиелеудің лайықты жағдайларын айқындау мақсатында 7 «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) құрылған.
Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік білім беру мекемелерінің саны жылдан - жылға артып келеді. Жыл соңына дейін облыстағы барлық 445 жалпы білім беретін мектепте (100%), мемлекеттік 224 балабақшаның 206-де (92,1%) инклюзивті тәрбие беру үшін жағдай жасау жоспарлануда.
Өңір мектептерінің білім сапасын қамтамасыз ету - жергілікті басқарушы органдар жұмысының негізгі бағыты.
2023-2024 оқу жылында білім сапасын қамтамасыз етуде келесі бағыттар бойынша нақты іс-шаралар іске асырылуда.
Білім беру мекемелері қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру, өңірлік білім беру сапасын ынталандыру үшін өткен оқу жылында облыстағы 437 жалпы білім беретін мектептерге 61 критерий бойынша саралау жүргізілді.
Өңірлік Рейтингтің қорытындысы бойынша педагогикалық инновациялар режимінде жұмыс істейтін – 57 (13%) мектеп, өзін-өзі дамыту режиміндегі – 72 (16,4%) мектеп, даму режиміндегі – 176 (42,2%) мектеп, функционалды режимде жұмыс істейтін – 126 (28,8%) мектеп, сондай-ақ, кризистік режимде жұмыс істейтін 6 (1,3%) мектеп анықталды.
Осыған байланысты, мектептердің даму деңгейіне қарай жоспар жасалып, жыл бойы білім сапасын көтеру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Мектеп жұмысының тиімділігі - басқарудың сапасына тікелей байланысты.
Бұл бағытта өңірде келесі жұмыстар іске асырылуда:
1.Өңірлік білім беру менеджерлерінің клубы, мектеп директорларының кеңесі жұмыс істеуде.
2024 жылдың 27 наурыз күні жалпы орта білім беру саласында кәсіби құзыреттіліктері мен көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде қалыптасқан педагогтерді анықтау, өңірлік кадр пулын қалыптастыру мақсатында «Білім беру саласының әлеуетті көшбасшысы» атты педагогтер арасында облыстық конкурс өтті.
Конкурс нәтижесі бойынша 10 қатысушы жеңімпаз атанып облыс әкімінің «Үздік әлеуетті көшбасшы», «Үздік стратег», «Үздік рационализатор», «Командалық жұмыстың үздік көшбасшысы», «Үздік мотиватор», «Үздік оратор», «Форсайт стратегияның шебері», «Мәселелерді шешудің шебері», «Ақпараттық-коммуникациялық технология шебері», «Дидактиканың шебері» атты номинацияларымен марапатталды. Сонымен қатар, конкурс кезеңдерінен көшбасшылық қабілеттерін ерекше көрсете алған 5 қатысушыға облыс әкімінің атынан 200 мың теңгенің сертификаттары табысталды.
5.Облыстағы оқу-әдістемелік орталығындағы әдістемелік консалтингттік қызмет арқылы мектептердің басқару және бақылау жұмыстарын бірыңғай жүйеге көшіру жұмыстары жалғасуда. Бұған үлкен ықпал етіп отырған Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жүйелі, ғылыми-әдістемелік негіздеуі болып тұр (консалтинг – адамдарға кеңес беру ісімен айналысу).
Оқыту процесінің және білім алушының оқу жетістігінің сапасын арттыру, педагогтерге және білім алушыларда кездесетін проблемеларды зерделеу мақсатында мектепішілік бақылауды күшейту бағытындағы жұмыстар жүзеге асырылуда:
- облыстық оқу-әдістемелік орталығында басқару мен бақылауды тиімді іске асыру үшін менеджмент бойынша консалтингтік қызмет ашылып, мектеп басшыларына үздіксіз көмек көрсетілуде;
- оқу жылының басында барлық аудандар мен облыс орталығында мектепішілік бақылау бойынша үйрету семинарлары мен коучинг сессиялары жүргізіліп, мектептердің осы бағыттағы жұмыстары жүйеленді;
- Өңірдегі 2022-2023 оқу жылының рейтинг қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептердің мектепішілік бақылау жоспарлары олардың тиімділігі, мектептегі білім сапасына оң септігін тигізу мүмкіндігі облыстық оқу-әдістемелік орталықтағы менеджмент бөлімінің тікелей ақпараттық әдістемелік сүйемелдеуі мен бақылауына алынды.
Білім беру мазмұнына жаңалықтарды енгізуде орта білім беру жүйесін дамыту саясатын жүзеге асыруға ықпал ету мақсатында білім басқармасы жанынан консультативтік-кеңесші органы құрылды.
Мектептің білім сапасы сол мектептегі педагогтердің сапасынан жоғары болмайды. Бүгінгі таңда облыстағы 445 мемлекеттік мектептегі 26425 педагогтің 12480-і (47,2%) сырттай білім алған.
Сондықтан, педагогтердің кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіру - өңірлік білім жүйесі жұмысының негізгі бағыты болып тұр. 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс бойынша барлығы 1077 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Облыстық оқу-әдістемелік орталығы жүйелі түрде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер мұғалімдерінің пәндік құзіреттілігін үздіксіз дамыту мақсатында «Виртуалды әдістемелік мектебі», «Сабақ тайм», «1+10» шебер педагогтердің зертханасы жобаларын іске асыруда.
Облыстағы 8,6% (2274) жас педагогтерге арналған «Болашақ» желілік, тәлімгерлік мектебі жұмыс атқаруда.
Облыста республикалық «Үздік педагог» байқауында 2012 жылдан бастап 41 педагог жүлдегер атанды, олардың 16-ы ауыл мектебінің мұғалімдері. Облыс педагогтарымен тиімді ұйымдастырылған жұмыстардың нəтижесінде халықаралық, республикалық байқаулар мен қашықтық олимпиадаларында биылғы жылы 63 педагог жеңімпаз атанды. Халықаралық академик Асқар Жұмаділдаев атындағы және IMPACT /импакт/ ашық шығармашылық байқауларында математика, физика және информатика пәндерінен сабақ беретін 25 педагог жеңімпаз атанып, командалық есепте республикада II орынды иеленді.
5 педагог «2023 жылдың үздік педагогі» Республикалық конкурсының жеңімпаздары атанды.
Аталған жетістіктер – облыс мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетінің жоғары екендігін тағы дәлелдеп отыр.
Жасалған жағдайлар оқушылардың бірқатар жетістіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
2024 жылы Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 15-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды. Сондай-ақ, Республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ІІІ орынды иеленіп, «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды.
2023 жылы өткен «WorldSkills» республикалық чемпионатына 23 құзыреттілік бойынша 25 студент қатысып, 16-ы жүлделі орынға ие болды. Оның 2-і алтын, 2-і күміс, 12-і «Үздік маман» медальон иегері атанды.
Білім сапасына әсер ететін негізгі факторлардың бірі –мектептің ресурстық қамтамасыз етілуі.
Облыс бойынша мектептерге 98 оқу кабинеттерін жарақтандыруға 842,8 млн.теңге қарастырылған, қазіргі уақытта 62 оқу кабинеттері жарақтандырылды. 2024 жылдың соңына дейін оқу кабинеттері толығымен жарақтандырылатын болады.
Білім сапасын көтерудің бірден-бір факторы - мектептердің кітапхана, оқулық қоры болып табылады. Былтырғы оқу жылында мектептерге 760780 оқулық, 41826 электронды оқулықтар, 416395 оқу-әдістемелік кешен, 170153 көркем әдебиеттер берілсе, биылғы оқу жылында аталған тетіктер бойынша 12%-ға артып, 364683 оқулық, 315125 оқу-әдістемелік кешен, 63873 көркем әдебиеттер алынды.
Оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесі – өзекті.
Мемлекет басшысы өңірлердегі Президент резиденцияларын балабақша немесе сауықтыру лагерлеріне айналдыруды тапсырған болатын. Сол тапсырмаға сәйкес елімізде алғаш рет Жамбыл облысындағы ғимарат «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болып қайта ашылды. Жыл бойына 800-ден аса оқушы білімдерін жетілдіріп, сауығатын болады.
Оқу-сауықтыру кешенінде өңірдегі дарынды балалардан құралған 43 баладан тұратын олимпиада резервіндегі команданы дайындықтан өткізу үшін жергілікті бюджеттен 17 млн. қаржы бөлінді.
Өңірдің білім саласының дамуында өсу тетіктері болуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыс өңірдегі білім беру ұйымдарында эксперименталды-тәжірибелік алаңдардың жұмыстарын үйлестіру арқылы шешімін табуда: 12 мектеп, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда білім саласындағы өзекті бағыттарда зерттеу тәжірибелері жүріп жатыр.
Оның ішінде облысымыздағы шекаралас Қордай ауданында орналасқан мектептердің білім сапасын көтеру мақсатында «Ауыл мектебі оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз етудегі әдістемелік ресурстық орталық жұмысының ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» және Жуалы ауданында «Жаһандану жағдайында ауыл мектебі оқушыларын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименттік жұмыстар жаңа оқу жылынан бастап жүргізілуде.
Балалардың сабақтан тыс уақыттарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында облыста 78 мектептен тыс мекеме жұмыс істейді. Қосымша біліммен қамту үлесі – 81,8%.
2023-2024 оқу жылынан бастап тәрбие жұмысы барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілген (2023 жылғы 19 қыркүйектегі №294) «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда.
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Адамды үйлесімді дамуы ұлттық институтының (2023 жылғы 15 тамыздағы №4 хаттамасы) негізінде орта білім беру ұйымдарында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтары ашылып, облыс бойынша 445 жалпы білім беретін мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының бұйрықтары шығарылып, жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі мен бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру мақсатында «Аталар мектебі», «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» құрылған және жаңа мазмұнда жұмыс жүргізуде. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарындағы бала тәрбиесіндегі отбасы институтының ролін нығайту, ата-ана мәдениетін қалыптастыру және дамыту мақсатында «Даналық мектебі» «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» клубтары құрылды.
Кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесі, оқушыларды әлеуметтік-психологиялық диагностикамен ақпараттық жүйе арқылы қамтуға, ерекше педагогикалық назар аударуды талап ететін балаларды анықтауға және оларға уақтылы әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін HR+ психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі облыс мектептеріне енгізіліп, психология ғылымдарының кандидаты Г.Вероцкаяның «Бестерек» жобасы арқылы облыс психологтарының білімін көтеру қолға алынды.
Білім беру ұйымдарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бейнебақылау камераларын интеграциялау, мамандандырылған күзет қызметімен, дабыл түймесімен, турникеттермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні облыста 0-18 жас аралығында 463 618 бала бар.
Оның 1224-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Өткен жылы аталған санаттағы 59 бала Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес басталған «Жомарт түлек», «Мейірім» жобалары жалғасуда.
Жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша, 2023-2024 оқу жылына 6350 (80%) орын мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді (өткен оқу жылында - 5734 орын).
Колледждерді ірі кәсіпорындарға шефтік қамқорлыққа 18 колледж («Казфосфат», «Имсталькон», «Палацио») бейіндері бойынша беріліп, 3 жақты меморандумдар жасалынды.
2023-2024 оқу жылында 42 колледждің 37-сі (84%) 58 мамандық бойынша 7808 студентті дуалдық оқытумен қамтылды.
2023-2024 оқу жылында кәсіпорындардың нақты сұранысына сәйкес, 350 орын мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысына студенттер қабылданды, («Атамекен» КП-мен бірге «Казфосфат», «Аулие Транс Пасс», «Тараз Транс Моторс», «Тараз энерго центр», «Агро Колибр Сервис», «Камкор Локомотив», «Шафран», т.б. сияқты кәсіпорындармен), яғни 89 жұмыс берушімен колледж арасында келісім шарт жасалынды.
2023 жылы барлығы 5755 түлектің 4604 (80 %) жұмыспен қамтылса, мемлекеттік тапсырыс негізінде 3317 түлектің 2686 (81 %) жұмыспен қамтылған.
2020, 2021 жылдары колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында «Жас маман» жобасына облыстағы 11 колледж 14 мамандық бойынша, 3,7 млрд. теңгеге заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілді (олардың 7-і аудандарда орналасқан).