Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылдың І-тоқсанында атқарған мемлекеттік қызмет көрсету бағытына талдамалық анықтама
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" және "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.
1.Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру - «Е-Лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімделеді (қызмет көрсету электронды);
2.«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері электронды және қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында тікелей байланыс орнатылмаған.
2023 жылдың І тоқсандағы жағдай бойынша:
1. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру.
«Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы түскен өтініштер саны - 63. Оның ішінде: лицензия алуға - 10, лицензияға қосымша алуға – 33, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге - 20.
Түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша - 24 өтініш қанағаттандырылды: лицензия алғаны – 3, лицензияға қосымша алғаны - 1, лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта рәсімделгені -20.
Түскен өтініштердің 39-на дәлелді бас тартылды: 7-не лицензия алуға, 32-не лицензияға қосымша алуға.
2. Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою.
Түскен құжаттар саны - 53. Оның ішінде:
І.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерінен– 41 құжат.
ІІ. «egov – электронды үкімет» порталы арқылы-12 құжат.
Түскен 53 құжат бойынша атқарылған жұмыстар төмендегідей:
1) 41– құжат рәсімделіп, мемлекеттік корпорацияға жолданды;
2) 12 – құжат кері қайтарылды (9 – құжатқа мемлекеттік баж төленбеген, 2-құжат білім беру ұйымдарынан шықпаған, 1-құжат базада тіркелмеген).
Білім беру құжаттарының деңгейі: диплом-25, диплом қосымшасы-2, аттестат-12, аттестатқа қосымшасы-2.
Білім беру құжаты жіберілген мемлекеттер: Оңтүстік Корея - 21 (51,2%), Чехия – 1 (2,4%), Польша - 3 (7,3%), Греция - 1 (2,4%), Германия - 4 (9,7%), Түркия - 4 (9,7%), АҚШ – 1 (2,4%), Украина - 2 (4,9%), Италия - 1 (2,4%), Испания - 2 (4,9%), Өзбекстан-1 (2,4%).