2026 жылғы 14 мамырда Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді.
Кеңес отырысының негізгі тақырыбы – «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы».
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі , Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы , «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры , облыстық мәслихат депутаттары, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, сала ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер қатысты. Іс-шараға оффлайн және онлайн форматта 500-ден астам адам қамтылды.
Кеңес отырысын Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы ашып, Жаңа Конституцияда білім мен ғылымның мемлекеттік саясаттың басты құндылықтарының бірі ретінде айқындалғанына ерекше тоқталдı. Өз баяндамасында ол конституциялық реформалардың білім сапасын арттыруға, педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейтуге, академиялық адалдық қағидаттарын нығайтуға және адами капиталды дамытуға бағытталғанын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов «Жаңа Конституцияда мемлекеттің іргелі қағидаттары» тақырыбында сөз сөйлеп, Ата Заңға енгізілген өзгерістердің елдің тұрақты дамуына, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға негіз болатынын жан-жақты түсіндірді.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков білім беру ұйымдарында конституциялық қағидаттарды тиімді іске асырудың өңірлік білім сапасын арттыруға, балалардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге және педагогтердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасауға ықпал ететінін атап өтті.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Латипа Қожамжарова «Жаңа Конституция – адам капиталы мен білім саласының стратегиялық тірегі» тақырыбындағы баяндамасында адами капиталды дамыту, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және білім беру жүйесіне заманауи тәсілдерді енгізу мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Кеңес барысында Конституцияның 33-бабында бекітілген әркімнің білім алуға құқығы, орта білімнің міндеттілігі, мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарына қойылатын бірыңғай талаптар, сондай-ақ педагогтердің мәртебесі мен құқықтық қорғалуы мәселелері жан-жақты талқыланды.
Қатысушылар Жаңа Конституцияда білім беру саласына берілген басымдықтың сапалы білім беру жүйесін қалыптастыруға, педагогтердің әлеуметтік және құқықтық мәртебесін нығайтуға, балалардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге және еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға берік негіз қалайтынын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша білім беру саласына қатысты конституциялық өзгерістерді педагогикалық қауымдастық арасында кеңінен түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және білім беру сапасын одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.
Жаңа Конституция – сапалы білімнің, педагогтердің құқықтық қорғалуының және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін дамытудың берік құқықтық негізі.