✅ 2026 жылғы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша кездесуге Департамент тарапынан Б. Ақатаевна қатысып, балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметіне қатысты мәселелер талқыланды. Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Осындай кездесулер сала мамандары арасындағы өзара тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықты нығайтуға және балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы бірлескен жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді.
✅ Департаментте Әдеп жөніндегі кеңестің 2026 жылғы 1 қазандағы № 4, № 5 және № 6 шешімдерін орындау мақсатында қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әдеп жөніндегі уәкіл Салтанат Мырзабекқызы мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы, құмар ойындарға қатысуға қатысты шектеулер, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу, декларацияларды уақтылы тапсыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау мәселелеріне тоқталды. Кездесулердің қорытындысы хаттамамен рәсімделіп, аталған талаптардың орындалуы Департаменттің бақылауында болады.
✅ 2026 жылғы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілі Зайсан ауданының білім беру ұйымдарымен мемлекеттік аттестаттау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында Ботагоз Акатаевна қолданыстағы заңнама талаптарын толық түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
✏️ Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде білім беру қызметін лицензиялау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымша беру мәселесі қаралды.
Комиссияның қызметі қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен негізділігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуына және білім беру қызметін лицензиялау рәсімдерін жетілдіруге бағытталған.
Департамент білім беру саласында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және сапалы білім беру қызметтерін көрсету үшін жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
✅ Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Жұмабекова Салтанат Мырзабекқызы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының білім бөлімдерінің өкілдері мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау тәртібі мен оған қойылатын негізгі талаптар, қажетті құжаттарды рәсімдеу және ұсыну мәселелері, сондай-ақ лицензиялық талаптар мен шарттар түсіндірілді. Қатысушыларға №473 бұйрық талаптарына қатысты толық түсіндірмелер беріліп, туындаған сұрақтарына жауаптар ұсынылды. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау рәсіміне сапалы дайындау бойынша ұсынымдар берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың лицензиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету және алдағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру бойынша ұсынымдар ұсынылды.
🌷 Құрметті ұстаздар мен педагогтер!
Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге толағай табыс, шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз!
✅ 1 қазанда Өскемен қаласындағы «Ұстаздар үйінде» Г.В. Протасованың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Департаменттің өкілі Салтанат Мырзабекова арнайы шақыртумен қатысты. Сонымен қатар, «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
✅ Облыс әкімдігінде бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өтті. Іс-шараға ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілі Б. Раимбекова қатысты.
✅ Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, Өскемен қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында басшыларға білім беру саласындағы заңнама талаптары, мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға дайындау тәртібі, сондай-ақ кадрлық құрамның, материалдық-техникалық базаның, санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының белгіленген нормативтерге сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді. Мектепке дейінгі ұйымдардың құжаттамасы мен білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларын біліктілік талаптарына уақтылы сәйкестендіру, ұйымның лицензия алуға дайындығына ішкі талдау жүргізу және анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына лицензиялауға дайындық шеңберінде алдағы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, түсіндірулер жүргізілді.
✅ Департамент қызметкерлері 2026 жылғы 31 тамызда «Жаңа халық Конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту - білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында өткен Өскемен қалалық тамыз конференциясына қатысты. Конференция жұмысына қаланың педагогтері қатысты. Іс-шарада адами капиталды дамытуда, білімді, ойлайтын және отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеуде педагогтердің ерекше рөлдері аталып өтілді. Конференция барысында білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби біліктілігін дамыту, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Конференцияда білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен жаңа оқу жылына арналған өзекті міндеттер таныстырылды. Жаңа оқу жылы педагогтеріміз бен оқушыларымыз үшін жаңа мүмкіндіктерге, кәсіби жетістіктерге және жарқын жеңістерге толы болсын!