
2024 жылдың 15 тамыз күні департамент басшысы А.Байжанова «Жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындық» тақырыбында өткен брифингіне қатысты.
Брифинг барысында жана оқу жылының өзгерістері мен жаналықтары, мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындығы, педагогтерді қолдау бойынша шаралар, ұсынылды. Сондай-ақ білім беру саласында жүргізілген тақырыптық мониторингтер, оқушылар үшін қауіпсіздік пен жайлы ортаны қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстары, мектептерді жанғырту, санитарлық нормаларды сақтау, мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету туралы баяндады, сонымен қатар педагог мәртебесі және педагогикалық, әдептің кейбір мәселелері туралы тақырыпты қоғады.
Департамент басшысы білім беру сапасын жақсарту женіндегі ұсынымдарға, білім беру ұйымдарының қызметін бағалау және бақылау жүйесіндегі жаналықтарға, сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.