«Үміт» оқушылары үшін «Царская долина» жазғы лагерінде маусымның ашылуы өтті.

«Үміт» оқушылары үшін «Царская долина» жазғы лагерінде маусымның ашылуы өтті.

2024 жылдың 7 маусым күні,  Төменгі Тайнты ауылында «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне арналған «Царская долина» жазғы лагерінде маусымның ашылуы өтті.

Күндіз балаларға лагерь бойынша экскурсия ұйымдастырылды, ал кешке олар би кеші мен дәстүрлі лагерь отын жағуға шақырылды.

Балаларды лагерьде демалу барысында оларды қаржылық сауаттылыққа, өз бюджеті мен шығындарын басқаруға баулу, сондай-ақ еңбек терапиясы дағдыларына және кез келген тапсырмаға шығармашылық көзқараспен қарауға үйрету жоспарлануда.