
2023 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын 121 білім беру ұйымының 111-і мемлекеттік аттестаттау рәсімімен қамтылды. Оның ішінде 38 (34%) аттестатталды, 73 ұйым аттестатталмады (66%).
Ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарға сәйкес мемлекеттік аттестаттау рәсімімен 8 мектеп қамтылатын болады (қараша-желтоқсан).
Мемлекеттік аттестаттау барысында келесі жүйелі кемшіліктер мен ескертулер анықталды:
- Оқу жұмыс жоспарлары үлгілік оқу жоспарларының талаптарына сәйкес келмейді және ұйымдасқан қызмет мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмейді;
- тәрбиеленушілердің дамуының бастапқы және қорытынды мониторингі жоқ;
- оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар сақталмайды;
- топтарды жинақтау кезінде жас кезеңділігін сақтамау.
Орта білім беру ұйымдарында:
- оқу жұмыс жоспарлары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмейді;
- кешенді тестілеу қорытындысы бойынша білім алушылардың білім деңгейі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмейді, 3 мектепте (Тарбағатай ауданының Шеңгелді негізгі мектебі, Қ. Сәтбаев мектебі, Самар ауданының Жұмба негізгі орта мектебі, Күршім ауданының Теректібұлақ негізгі орта мектебі).
- "Өмір қауіпсіздігі негіздері" және "Жол қозғалысы ережелері" курстарын оқу Kundelik.kz электрондық журналда көрсетілмейді;
- жұмыс оқу жоспарының инвариантты бөлігінің пәндері бойынша педагогтерге қажеттілік бар;
Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі:
- аймақта үшінші деңгейлі edu.kz домендік атау жоқ;
- физика, химия, биология пәндері бойынша оқу-зертханалық құрал-жабдықтары жоқ;
- тамақтану және медициналық қызмет көрсету нысаны жоқ;
ТжКБ ұйымдарында:
біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі:
- педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
- жоғары және бірінші санатты педагогтердің, сарапшы-педагогтердің, зерттеуші-педагогтердің, шебер-педагогтердің және магистрлердің үлесі де біліктілік талаптарына сәйкес келмейді ;
- колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізілмейді;
- біліктілік беру бойынша қорытынды ведомостар жоқ;
- теориялық және практикалық оқыту журналдарын толтыру бойынша бұзушылықтар бар, семестрлік, қорытынды бағалар қойылмайды.
Қайта аттестаттаудан өтпеген жағдайда, яғни анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда білім беру ұйымы аттестатталмаған болып саналатынына назар аудару өте маңызды, бұл бақылау объектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.
Нәтижесінде 3 мектеп 2023 жылдың екінші жартыжылдығында, 8 білім беру ұйымы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді.
Анықтама ретінде: 2023 жылдың ІІ жартыжылдығына: Өскемен қаласының №34 мектеп-лицейі, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің Тройницкая негізгі мектебі және Гагарин орта мектебі.
2024 жылдың І жартыжылдығына: "Аграрлық-техникалық колледж" мекемесі, "Өскемен көпсалалы колледжі" мекемесі, ШҚ «Менеджмент және технологиялар колледжі», Самар ауданының Жұмба негізгі мектебі, Зайсан ауданының Тасбастау ауылы шағын жинақты негізгі орта мектебі және Жаңатұрмыс ауылы шағын жинақты негізгі орта мектебі, Тарбағатай ауданының Жаңғызтал бастауыш мектебі және Асусай ауылы мектеп- балабақша кешені.