2023 жылдың 10 айында Департаментке келіп түскен өтініштер бойынша қысқаша ақпарат

2023 жылдың 10 айында Департаментке  келіп түскен өтініштер бойынша қысқаша ақпарат

2023 жылдың 10 айында ШҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінде 176 өтініш тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 121 өтінішке кем.

176 өтініштің 26-сы - қолма-қол, 149-ы - "Е-Өтініш" АЖ, 1-і - пошта арқылы келіп түсті. Түрі бойынша: өтініштер – 114, шағымдар – 15, басқалар (хабарлама, сұрау салу, үн қосу) - 47.

Департаментке орталық мемлекеттік органдардан – 17, жергілікті атқарушы органдардан - 32 өтініш қайта жіберілді.

Өтініштерді қарастыру негізінде жоспардан тыс 14 тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 15 әкімшілік іс қозғалды.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

1) 6 лауазымды тұлға 258750 теңге сомасына және 1 ескерту шығарылды;

2) 2 заңды тұлға - 396750 теңгеге;

3) 1 жеке тұлға ескерту алды.

Шағымдарға жасалған талдау көрсеткендей, өтініштердің басым бөлігі мына мәселелер бойынша жиі келіп түседі:

 √ мектеп әкімшілігінің құқыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша;

√ педагогикалық әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша іс жүргізу;

 √ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының бұзылуына қатысты;

 √ педагогтерді кәсіби міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту бойынша іс-шаралар.