
Оқу-ағарту министрлігі ағымдағы жылдың 28-29 шілдесінде Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың қатысуымен облыстық білім басқармалары, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, «Өрлеу» БАҰО филиалдары, әдістемелік орталықтар басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Семинарда білім басқармаларының қызметіне, білім беру ұйымдарының оқу жылының басталуына дайындығы, балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға қолайлы жағдай жасау мониторингінің қорытындысы шығарылды.
Сондай-ақ, Ә.Бөкейхан атындағы BINOM School, IQanat High Scholl of Burabay базасында тренингтер өткізілді.