
Бүгін облыстың білім басқармасында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа орындар ашу мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.
Кеңеске барлық мүдделі органдар мен тұлғалар: аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің басшылары, ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті, ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының, ШҚО Атамекен кәсіпкерлер палатасының өкілдері, әлеуетті инвесторлар мен жеке кәсіпкерлершақырылды.
Қазіргі уақытта облыста мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа орындар құру қажеттілігін шешу мәселесі қаралуда.
Кеңес барысында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы мен жұмыс істеуінің проблемалық мәселелері талқыланды, атап айтсақ:
- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау тәртібі;
- мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар;
- мектепке дейінгі ұйымдардың медициналық қызметін лицензиялау;
- мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерді тарту.