
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 10-24 шілдесі аралығында облыстың барлық мектептерінің жаңа оқу жылының басталуына дайындығын тексеру мақсатында мониторинг жүргізілді. Мониторинг тобының құрамында Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, «Өрлеу» филиалының 10 адамы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 9 қызметкері болды.
Шығыс Қазақстан облысында 350 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде, 204 мектебінде косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілген, мектептер жаңа оқу жылының басталуына дайын. Қалған мектептерде ағымдағы және косметикалық (бояу, әктеу) жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ, 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Екі мектепте жөндеу жұмыстары оқу жылының басында аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар, мониторинг 167 мектепте күрделі жөндеу қажеттілігін көрсетті. Оның ішінде 73 мектепте жөндеу жұмыстары жоспарланған, қалған мектептерге қаржыландыру мәселесі қарастырылмаған.
Турникеттер толық жинақталған 153 мектепте орнатылған, ал оқушылар саны бойынша оларды орнату нормативтік құжаттарға сәйкес талап етілмейтін шағын жинақталған және арнайы мектептерде орнатылмаған.
Спорт залдар - 49, асхана - 36 мектепте, физика кабинеті- 179, химия кабинеті - 167, биология кабинеті - 181, робототехника кабинеті – 117 мектепте жоқ. Интернеттің баяу жылдамдығы (4 мб/с – тан аз) 23 мектепте, орташа жылдамдық (4-10 Мб/с) 186 мектепте, орташа жылдамдықтан жоғары (10-20 мб/с) 141 мектепте байқалады.
12 мектепте дабыл түймесі жоқ.
Мониторинг барысында анықталған проблемалық мектептер бақылауға алынды және ағымдағы жылдың тамыз айында қайтадан қорытынды мониторинг жүргізіледі.