
2023 жылдың бірінші тоқсанында облыстың 30 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау рәсімі өткізілді.
Олардың ішінде:
- 30 - жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ОБ);
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша 30 орта білім беру ұйымының 7 (23%) аттестатталды, 23 (77%) - аттестатталмады.
Мемлекеттік аттестаттау барысында келесі кемшіліктер мен ескертулер анықталды.
- 2 ШО-ның білім беру қызметі үлгілік оқу жоспарларына (ҮОЖ) сәйкес жүргізілмейді;
- 1 ШО-та тәрбиеленушілердің дамуының бастапқы мониторингісі жоқ;
- 2 ШО-та тәрбиеленушілердің дамуының қорытынды мониторингісі жоқ;
- ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компоненттің жалпы білім беретін пәндерінің базалық мазмұнын игеру 2 мектепте сәйкес келмейді;
- 7 мектепте Kundelik.kz электрондық журнал толтырылмаған;
- 5 мектепте медициналық қызметке лицензияланған медициналық кабинет немесе ДСМ № 141 бұйрығына сәйкес балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарт жоқ;
- 3 мектепте тамақтану объектісі жоқ;
- 6 мектепте edu.kz аймақта үшінші деңгейдегі домендік атау жоқ;
- 2 мектепте тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі бар ЖОЖ пәндеріне сәйкес педагогтер жоқ.