ШҚО БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

ШҚО БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен өткізген мемлекеттік аттестаттау қорытындылары

 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың 72 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау рәсімі өткізілді. Олардың ішінде:

- 43 - жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ОБ);

- 29 - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ТжКБ).

Бір ТжКБ ұйымы ТжКБ білім беру қызметіне бас лицензияның қолданылуын тоқтатты ("Шығыс Қазақстан техникалық-экономикалық колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жабылды).

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша 72 білім беру ұйымының 34 (47%) аттестатталды, 38 (53%) - аттестатталмады.

34 аттестатталған білім беру ұйымдарының ішінен:

- 21 (61%) - ТжКБ ұйымдары;

- 13 (39%) - ОБ ұйымдары.

Аттестатталмаған 38 білім беру ұйымының ішінен:

- 8 (21%) - ТжКБ ұйымдары;

- 30 (79%) - ОБ ұйымдары.

38 аттестатталмаған білім беру ұйымдарының ішінен 28 білім беру ұйымдары қайта аттестаттаудан өтті, оның ішінде 7 колледж (ШҚ Менеджмент және технологиялар колледжі материалдарды ұсынбаған) және 18 ОББҰ.

Қайта аттестаттаудан 2 колледж ("Аграрлық-техникалық колледж" мекемесі, "Өскемен көпсалалы колледжі" мекемесі), 1 ОББҰ (Жұмба негізгі мектебі) өтпеді.

2022 жылдан бастап 2 мектеп (Жаңғызтал бастауыш мектебі, Асусай мектеп-балабақша кешені) қайта аттестаттаудан өткен жоқ.

 Мемлекеттік аттестаттау барысында келесі кемшіліктер мен ескертулер анықталды

I. Мектептер жанындағы шағын орталықтарындағы (балабақшалардағы) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда (Мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өткен 43 мектептің ішінде 41 мектепте шағын орталықтар мен мектепалды даярлық сыныптары жұмыс істейді)

- 3 шағын орталықта (бұдан әрі – ШО) ҚР ОАМ 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС талаптарына ЖОЖ және ұйымдасқан қызмет сәйкес келмейді;

- 2 ШО-ның білім беру қызметі үлгілік оқу жоспарларына (ҮОЖ) сәйкес жүргізілмейді;

- 2 ШО-та тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар және тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтер жоқ;

- 3 ШО-та тәрбиеленушілердің дамуының бастапқы мониторингісі жоқ;

- 3 ШО-та тәрбиеленушілердің дамуының қорытынды мониторингісі жоқ;

- 1 ШО-та оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талап сәйкес келмейді және сақталмайды;

- 1 ШО-та 1-сыныпқа оқушыны қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру мерзімдері сақталмайды.

 II. ОБ ұйымдарында:

         - 7 мектепте ЖОЖ мен сабақ кестесі МЖМБС және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің МЖМБС талаптары сәйкес келмейді;

- ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компоненттің жалпы білім беретін пәндерінің базалық мазмұнын игеру 7 мектепте сәйкес келмейді;

- 3 мектепте тәрбие жұмысы жоқ;

- 2 мектепте бейіндік оқытуды іске асырылуы әлсіз;

- 7 мектепте Kundelik.kz электрондық журнал толтырылмаған;

- 2 мектепте лицензиат болып табылатын негізгі жұмыс орнындағы педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, сарапшы-педагогтердің, зерттеуші-педагогтердің, шебер-педагогтердің үлесі сәйкес келмейді;

- 2 мектепте медициналық қызметке лицензияланған медициналық кабинет немесе ДСМ № 141 бұйрығына сәйкес балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарт жоқ;

- 2 мектепте тамақтану объектісі жоқ;

- 1 мектепте физика, химия, биология пәндері бойынша оқу-зертханалық жабдық; edu.kz аймақта үшінші деңгейдегі домендік атау жоқ;

- 1 мектепте нақты деректер Ұлттық білім беру деректер базасымен (ҰБДБ) сәйкес келмейді;

- 2 мектепте тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі бар ЖОЖ пәндеріне сәйкес педагогтер жоқ;

- 1 мектепте білім алушылар МЖМБС талаптарында көзделген тиісті білімді көрсете алмады.

III. ТжКБ ұйымдарында:

- 2022-2023 оқу жылына жұмыс бағдарламалары ҚР ОАМ 01.09.2022 ж. № 388 бұйрығымен күші жойылған ҚР БҒМ 15.06.2015 ж. №384 бұйрығы бойынша әзірленді, ал 2022-2023 оқу жылына арналған бағдарламалар МЖМБС 03.08.2022 сәйкес оқыту нәтижелеріне бағдарланған кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленуі тиіс;

- жұмыс оқу бағдарламасының нысаны «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттар тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 6.04.2020 ж. № 130 бұйрығына сәйкес келмейді;

- оқу сабақтарының ұзақтығы МЖМБС талаптарына сәйкес келмейді.

- оқу процесін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі енгізілмеген;

- орта білімнен кейінгі білім берудің МЖМБС қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі бойынша оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру жүргізілмейді;

- аралық және қорытынды аттестаттау кестесі жоқ;

- негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі мамандықтың дайындалатын біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан сәйкес келмейді;

-жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, сарапшы педагогтердің, зерттеуші педагогтердің, шебер педагогтердің және (немесе) магистрлердің үлесі, олар үшін негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын мамандықтың даярланатын біліктіліктері бойынша педагогтер санына сәйкес келмейді;

- есептер дайындалмаған, колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізілмейді;

- қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде мемлекеттік аттестаттау комиссиясы дұрыс құрылмаған;

- біліктілік беру бойынша қорытынды ведомостар ұсынылмаған;

- теориялық және практикалық оқыту журналдарын толтыру бойынша бұзушылықтар бар, семестрлік, қорытынды бағалар қойылмаған.

 Шешу жолдары

1. МДББҰ-да тәрбиеленушілердің дамуының бастапқы және қорытынды мониторингін жүзеге асыру қажет.

2. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, оның ішінде спорт залдарын, кітапханаларға арналған жиһаздарды нығайту және кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру қажет.

3. ҰБДҚ деректер базасын тұрақты негізде өзектендіру.

4. Интернетке КЖҚЖ сапасын оқу пайдалану және Күнделік толтыру үшін кемінде 10 м/б жақсарту.

5. Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес педагогтерді қайта даярлау курстарын уақтылы өткізу.

6. Медициналық кабинеттері жоқ мектептерде денсаулық сақтау ұйымы мен білім беру ұйымы арасында балаларға медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасу бойынша жәрдем көрсету.

7. Колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізу.

8. Жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, сарапшы педагогтердің, зерттеуші педагогтердің, шебер педагогтердің және (немесе) магистрлердің, негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын мамандықтың даярланатын біліктіліктері бойынша педагогтер санынан үлесін арттыру бойынша шаралар қабылдау.

 

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру қызметімен айналысуға

лицензия және лицензияға қосымша беру туралы

Лицензия және лицензияға қосымша беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуі алынып тасталды.

Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтердің ең көп саны лицензияға қосымшаларды беруге келеді.

2023 жылғы 01 қаңтар мен 30мамыр аралығында лицензиялау мәселелері бойынша 58 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 23 өтініш (40%), бас тартылғаны- 35 (60%).

Жалпы орта білім беру ұйымдарының 22 өтініш ішінде

лицензия және лицензияға алу 3 өтініш бас тартылды;

- лицензияға қосымшаны алу 8 өтініштен 1 өтініш қанағаттандырылды, бас тартылғаны - 7;

- лицензияны және/немесе лицензияның қосымшаларын қайта ресімдеуге 11 өтініш бойынша қанағаттандырылды – 9, бас тартылғаны – 2.

Техникалық және кәсіптік білім берудің 36 өтініш ішінде:

- лицензияға қосымша беруге 27 өтініш бойынша бас тартылғаны – 23, қанағаттандырылғаны - 4;

- лицензияны және/немесе лицензияның қосымшаларын қайта ресімдеуге 9 өтініш қанағаттандырылды.

2023 жылғы 01 қаңтар мен 30 маусым аралығында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру бойынша комиссияның 9 отырысы өткізілді.

 

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу туралы

 

«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуі алынып тасталды.

2023 жылғы 01 қаңтар мен 30 маусым аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 51 өтініш келіп түсті.

Білім туралы 49 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: жоғары білім туралы – 27; кәсіптік-техникалық білім туралы – 5; жалпы орта білім туралы – 17.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы түскен мемлекеттік баждың дұрыс енгізілмеуіне байланысты және мемлекет Гаага конвенциясының тізіміне кірмегендіктен 2 өтініш бойынша бас тартылды.

Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 51 құрады (49– орындалды, 2 – бас тартылды).

Елдер бойынша бөлу:

Оңтүстік Корея - 9

Чехия –7

АҚШ - 3

Италия – 3

Ресей Федерациясы – 4

Польша – 1

Венгрия – 7

Турция – 3

Бразилия - 1

Черногория – 2

Швейцария – 1

Сербия – 1

Чили – 1

Словения – 1

Германия – 1

Ұлыбритания – 1

 

Аргентина – 3.