2023 жылдың 2 тоқсанына білім беру қызметімен айналысуға лицензия және лицензияға қосымша беру туралы

2023 жылдың 2 тоқсанына білім беру қызметімен айналысуға  лицензия және лицензияға қосымша беру туралы

Лицензия және лицензияға қосымша беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуі алынып тасталды.

Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтердің ең көп саны лицензияға қосымшаларды беруге келеді.

2023 жылғы 01 сәуір мен 30 мамыр аралығында лицензиялау мәселелері бойынша 26 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 10 өтініш (28%), бас тартылғаны- 26 (72,2%).

Жалпы орта білім беру ұйымдарының 14 өтініш ішінде:

- лицензия және лицензияға алу 3 өтініш бас тартылды;

- лицензияға қосымшаны алу 7 өтініштен 1 өтініш қанағаттандырылды, бас тартылғаны - 6;

- лицензияны және/немесе лицензияның қосымшаларын қайта ресімдеуге 4 өтініш бойынша қанағаттандырылды – 3, бас тартылғаны – 1.

Техникалық және кәсіптік білім берудің 22 өтініш ішінде:

- лицензияға қосымша беруге 20 өтініш бойынша бас тартылғаны – 16, қанағаттандырылғаны - 4;

- лицензияны және/немесе лицензияның қосымшаларын қайта ресімдеуге 2 өтініш қанағаттандырылды.

2023 жылғы 01 сәуірден мен 30 маусым аралығында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру бойынша комиссияның 6 отырысы өткізілді.