Білім беру сапасын қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері бойынша семинар-кеңесі

Білім беру сапасын қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері бойынша семинар-кеңесі

Департамент басшысы Махсутова З.А. аумақтық департаменттердің барлық басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті өткізген білім беру сапасын қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері бойынша семинар-кеңеске қатысты.

Кеңеске қатысушылар "Астана" Халықаралық университетінің президенті С. А. Ирсалиевтің білім беру саласындағы халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі Қазақстанның орны туралы дәрісін тыңдады.

Серік Әзтайұлы білім беруді дамытудың халықаралық және отандық трендтері туралы, сапаны бағалаудың ұлттық жүйесін құру туралы айтып берді.

Сондай-ақ, білім беру жүйесіндегі заманауи трендтер мәселесі бойынша ҚР еңбек сіңірген педагогі Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар пікір алмасты, өзекті сұрақтарға жауаптар алды.