Білім саласының өзекті мәселелері жөніндегі семинар-кеңесі

Білім саласының өзекті мәселелері жөніндегі семинар-кеңесі

Департамент басшысы Астана қаласы «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорында Аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларының қатысуымен өтетін білім саласының өзекті мәселелері жөніндегі семинар-кеңесінің жұмысына қатысты.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқармалары басшыларының баяндамаларына ерекше назар бөлінді.

- «Жекеменшік білім беру ұйымдарына «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің сақталуы бойынша жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері туралы», Білім беру саласында рұқсат беру саясаты басқармасының басшысы Ауезханова Жұлдыз Әубәкірқызы;

- «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың 2023 жылғы аралық нәтижелері туралы», Білім беру ұйымдарын және білімді басқару органдарын бақылау басқармасының басшысы Мылтықбаева Лаура Рымбекқызы;

- «Бағалау құралдары және халықаралық зерттеулер туралы», Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету саясаты басқармасының бас сарапшысы Қайкен Темірлан Нұрланұлы;

- «Педагог құқықтарын қорғау және педагогтердің педагогикалық этика нормаларын сақтау мәселелері», Үйлестіру және өңірлік талдау басқармасының басшысы Сейсембаева Арайлым Мырзақанқызы;

- «Аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері қызметінің тиімділігін бағалау», Стратегиялық жоспарлау және талдау басқармасының басшысы Сембаева Роза Нұрланқызы.

Бағдарламаға сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен кездесуі өтті.

Өз кезегінде Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы «Аумақтық департаменттер қызметіндегі проблемалық мәселелері туралы» мәселе қозғады. Соңында қатысушылар пікір алмасты.