Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу нәтижелері туралы

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу нәтижелері туралы

Департамент қызметкерлері 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында облыстың 71 мектебінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) жүргізді. Барлығы 4 пен 9 сыныптардың 2000 жуық оқушысы қамтылды.

Естеріңізге сала кетейік, ББЖМ – бұл білім алушылардың күшті және әлсіз жақтарын бағалауға мүмкіндік беретін және білім сапасын арттыруға және оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған білім беру сапасын сыртқы тәуелсіз бағалау.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларына ББЖМ нәтижелерінің құқықтық салдары жоқ екендігі алдын ала ескертілді.

ББЖМ жүргізу барысында мұғалімдер мен мектеп әкімшіліктері тарапынан Ережелер бұзылмаған.

Осылайша, педагогтердің академиялық адалдық туралы хабардар болуы сапалы зерттеуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.