
Бүгін бүкіл ел бойынша білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) басталды.
Департамент қызметкерлері осы зерттеуді жүргізу үшін тізімге енгізілген барлық мектептерді қамту үшін Глубокое ауданына барды.
Бұл тізімге Глубокое ауданының 9 мектебі кірді, бүгін білім алушыларды тестілеу 8 мектепте өткізіледі.
Глубокое ауданы бойынша мониторингпен барлығы 178 оқушы қамтылады.
ББЖМ дәстүрлі түрде 4 және 9 сынып оқушылары үшін оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша өтеді.
Мониторингтің нәтижелері мен қорытындыларының құқықтық салдары болмайды.
ББЖМ қорытындысы бойынша өңірлер мен білім беру ұйымдарына әдістемелік нұсқаулар берілетін болады.
Барлық білім беру ұйымдарына сәттілік тілейміз!